Р.Әлиев Қазақстанға экстрадицияланады

сот

Астана. 8 желтоқсан. Baq.kz – Түркия Республикасының Әділет министрлігі ҚР Бас прокуратурасының Қазақстан азаматы Р.Әлиевті беру туралы өтінішін қанағаттандырды. Әлиев ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден қашып кеткен. Артынша ол халықаралық іздеуге жарияланды. Жуырда Әлиевті Интерпол Түркияның Анталья қаласында қолға түсіріп отыр" делінген аталған хабарламада. Анталья қаласының Жоғарғы соты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Руслан Әлиевті елге қайтаруға берген өтінімін қанағаттандырды. Іздеуде болған азамат сот орындарына бірнеше рет шағымданған көрінеді. Алайда, Түркия соты оның арыздарын қараусыз қалдырып, Қазақстанға қайтару туралы шешімін өзгерткен жоқ.