Р.Әлиев Қазақстанға экстрадицияланады

1
1052

сот

Астана. 8 желтоқсан. Baq.kz – Түркия Республикасының Әділет министрлігі ҚР Бас прокуратурасының Қазақстан азаматы Р.Әлиевті беру туралы өтінішін қанағаттандырды. Әлиев ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден қашып кеткен. Артынша ол халықаралық іздеуге жарияланды. Жуырда Әлиевті Интерпол Түркияның Анталья қаласында қолға түсіріп отыр» делінген аталған хабарламада.

Анталья қаласының Жоғарғы соты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Руслан Әлиевті елге қайтаруға берген өтінімін қанағаттандырды. Іздеуде болған азамат сот орындарына бірнеше рет шағымданған көрінеді. Алайда, Түркия соты оның арыздарын қараусыз қалдырып, Қазақстанға қайтару туралы шешімін өзгерткен жоқ.

1 Пікір

  1. Рахат екен десем… Бәсе, оны неғып «ұстасын». Қайда тұрып, қайда жүріп тұрғаны белгілі болса да «ұстатпай жүр». Оған кім сенеді деп ойлайды екен …

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз