Ресей мен Белоруссия арасындағы саяси майдан

3
1262

Белоруссия президенті Александр Лукашенко Ресейді «қисынсыз әрекетке» барды деп айыптайды. «Мәскеу Кедендік одақтың барлық келісімдерін бұзды» деген Лукашенконың сөздерін «Взгляд» басылымы келтіреді.

Лукашенко Ресейді
Еске салсақ, 24 қарашада «Россельхознадзор» ондаған белорустық кәсіпорындардың өнімін Ресей аумағына кіргізуге тыйым салды. Араға екі күн салып тағы 8 кәсіпорынның тауарлары Ресейге өте алмады.

Осылайша Мәскеу ресейлік эмбаргоға түскен елдердің тауарларына тосқауыл қоймақ. «Россельхознадзор» транзит ретінде енгізілген тауарлардың Ресей нарығында саудаланған жағдайларын бұған дейін де тіркеген.

«Ресей көптеген азық-түлік тауарларының жеткізілуіне тыйым салып, қисынсыз әрекет жасады. Кедендік одақ аясында қол жеткізілген келісімдерді бұзды. Егер Ресей тауары қауіпсіз бе, әлде Белоруссия тауары қауіпсіз бе деген сұрақ туындаса, ол белорус халқының ғана емес, ресейліктердің де күлкісін келтірері анық. Маған ренжімесін, бірақ Ресей тауар қауіпсіздігі бойынша Белоруссиядан жарты ғасырға артта қалған», – деді Александр Лукашенко.

3 ПІКІРЛЕР

  1. ресей президенті(бас әріппен жазуды қимай отырмын)путлер «қолыңнан келсе белден бас» қағидасымен үстемдігін көрсетіп ақ жүр, одан қаншама халық зардап шегіп отырғанын ойламайды да. сондықтан «жау жоқ деме, жар астында» деп ҚР өз тауарларын өндіретін зауыт, фабрикаларды салуды, шикізатты әлемдік деңгейдегі бағамен сатуды қолға алып, осы бастан қамдана білсек,ел бірлігін сақтай отырып қазақ халқының өркендеуіне мүмкіншілік беруді құр айтып қоймай тез арада іске асырғанымыз жөн. Елбасымыздың «Нұрлы жолы» мейлі, «Нұрсұлтан жолы» болып ақ қалсын, бүгінгі әлемдегі ахуалдарға қарсы жақсы қимыл екенін құр талдаумен өткізбей іске көшу, іске көшу керек!!!

  2. Ресей мен Белоруссия арасындағы саяси майдан.
    Белоруссия президенті Александр Лукашенко Ресейді “қисынсыз әрекетке” барды деп айыптайды. “Мәскеу Кедендік одақтың барлық келісімдерін бұзды” деген Лукашенконың сөздерін “Взгляд” басылымы келтіреді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз