Мақсат Үсеновке 60 мың теңге айыппұл салынды

20 күнге қамауға алынған Мақсат Үсенов айыппұл ретінде 60 мың теңгеден астам қаражат төлейді. Мұны Алматы қаласының полициясы растады дейді Жетінші арна.

“Ол дәл сол күні әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Атап айтқанда, сақтандыру полисінің болмауы және көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқару дәйектері бойынша . Оқиға орнында хаттама толтырылып, соған сәйкес оған айыппұл салынды” делінген тәртіп сақшылары таратқан хабарламада. Естеріңізге салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Мақсат Үсенов жол бойында тұрған адамдарды көлігімен қағып, салдарынан жәбірленгендердің бірі қайтыс болған еді. Үсенов ол кезде 45 күнге қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айрылған болатын. Алайда, араға бірнеше ай салып, көлік айдауға құжаты болмаса да Үсенов тағы көлік тізгініне отырып көзге түсті. Тәртіп сақшылары оған 18 мың теңге айыппұл салған. Ал, 15 қараша күні тағы сол Үсенов екінші рет жол көлік оқиғасына себепкер болды. Ол жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 38 жастағы әйел тізгіндеген көлікке соқтығысқан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.