Шыңжаңда тағы қантөгіс орын алды

Кеше Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында қақтығыстардан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Азаттық Қытайдың "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында қақтығыстардан 12 адам қаза тапты
фото с сайта rufox.ru
Қақтығыс Қашқарға жақын Яченг аймағында пышақпен қаруланған бір топ бүлікші адамдарға шабуылдай бастаған кезде тұтанған. Агенттік бүлікшілер 10 адамды өлтіргенін, ал полицияның екі бүлікшіні атып тастағанын айтады. Полиция шабуылға қатысы барларды іздестіріп жатыр. Ал Германияда орналасқан Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің өкілі Дилхат Рахиттің айтуынша, жергілікті ұйғырлар оған қақтығыста Қытай қауіпсіздік күштерінің жеті адамы мен үш тұрғынның қаза тапқанын баяндаған. Ұйғырлардың хабарлауынша, 10 адам жараланып, 84 адам ұсталған. Дилхат Рахит қақтығыс ұйғырлардың "Қытайдың жүйлеі түрдегі қысымына төзе алмаудан басталғанын" айтады. Ұйғырлар Шыңжаң аймағында жүздеген жылдардан бері өмір сүріп келеді. Олар қытайлар аймаққа жаппай көшіп келіп, өздерінің мәдениеті мен дәстүріне қауіп төндіріп отыр дейді.