Шыңжаңда тағы қантөгіс орын алды

7
1627

Кеше Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында қақтығыстардан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Азаттық Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында қақтығыстардан 12 адам қаза тапты
фото с сайта rufox.ru

Қақтығыс Қашқарға жақын Яченг аймағында пышақпен қаруланған бір топ бүлікші адамдарға шабуылдай бастаған кезде тұтанған. Агенттік бүлікшілер 10 адамды өлтіргенін, ал полицияның екі бүлікшіні атып тастағанын айтады. Полиция шабуылға қатысы барларды іздестіріп жатыр.

Ал Германияда орналасқан Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің өкілі Дилхат Рахиттің айтуынша, жергілікті ұйғырлар оған қақтығыста Қытай қауіпсіздік күштерінің жеті адамы мен үш тұрғынның қаза тапқанын баяндаған. Ұйғырлардың хабарлауынша, 10 адам жараланып, 84 адам ұсталған.

Дилхат Рахит қақтығыс ұйғырлардың «Қытайдың жүйлеі түрдегі қысымына төзе алмаудан басталғанын» айтады.

Ұйғырлар Шыңжаң аймағында жүздеген жылдардан бері өмір сүріп келеді. Олар қытайлар аймаққа жаппай көшіп келіп, өздерінің мәдениеті мен дәстүріне қауіп төндіріп отыр дейді.

7 ПІКІРЛЕР

  1. Айналайын оралман сен ақыл айтпай-ақ қойшы бізге. Біз осында тұрып, ата-мекен, туып өскен жерімізде тағдырдың-Алланың жазғанын басымызбен көтеріп, көріп алғанбыз.Осында тұрып тәуелсіздіктің ақ-таңын көрген, оны жариялаған адамдармыз. Бізге шет елден ешкім келіп егемендік алып берген жоқ. Басшымыз жаман болама, болмайды ма онда сенің шаруаң қанша. Алла Тағала халықы қандай болса пейілі мен ниеті сондай басшысы береді дейді. Басшыны жамандап опа таппассың. Ал ұйғырларға келер болсақ кезінде шығыс түркістандық қазақтар мемлекет құрып, егемендік алған кезде (Оспан батырлар көтерілісі) осы ұйғырлар емес пе сатып кеткен, баяғыда бірінші екінші түрік қағанаттарында іштен ірітіп кеткен осылар, Ан-Лушань бастаған түбі түркі азаматтардың көтерілісінде осы ұйғырлар басқан болатын қытайға жағымпазданып. ал орыс империясы қазақ жерінің батысынан кіріп шығысына дейін 150 жыл жаулады. Жергілікті қазақтар орсытарға ешқашан өз еркімен бағынған емес. 150 жыл аз ба көппе? Қалған орта азия елдерін айналдырған 10-15 жылда-ақ жаулап алды. Кеңес үкіметінің кезінде де 300-ден астам көтерілістер болды. Соның барлығын осы жергілікті қазақтар ұйымдастырып, бодандықтың қамытын кимей қашып-соғысып өткен. Қазақ жағымпаз болса осындай көтерілістер болады ма? Қазақ жағымпаз емес сабырлы-істің, әліптің артын бағушы халық. Сондықтан айналайын оралман бауыр ауызға келгенді айта салу азаматтығыңа сын болмақ Сен осы пікіріңмен шет елде жүрген барша қандастардың атына кір келітірп отырғаныңды білесің бе? Қазақта «Бір қарын майды бір құиалақ шірітеді» деген аталы сөз бар. Құмалақ болып қалмағай

  2. Оралман дұрыс аитыпты.Негізі ол жер Ұиғырлардың ата бабасынан кележатқа жер.Қолынан келгенше күресу керек.Біріккен Ұлттар ұиымынан көмек сұрау керек.

  3. Біз ол жақта екіжүзді, сатқын болдық. Біз бір-бірімізді қытайларға жамандап, соларға жағымпазданып жүрдік. Қытайлар соны жақсы пайдаланды да бізді құртып, қырып тынды. Сөйтіп Шығыс Түркістаннан айрылдық. Қазақтар, сендер де біз секілді жағымпаз, жалтақ болыңдар, орыстарға басшыңнан бастап жағымпаа болсаңдар бітті,сонда бәрінен айрыласыңдар.

  4. Ал Қазақстанның азаматтары сіздерде талқыдан тыс
    қалмай,пікір алмасып жүріңіздер. Елімізге еш қауіп
    төнбесін, әсіресе экономикалық қысымның салдары орыстардан
    асып бізге де сезіліп отыр. Оны бәріңіз сезіп,біліп және
    көріп отырсыздар…
    Аман сау болыңыздар. Еліміздің келешегі баянды болсын!
    Аумин!!!

  5. Қалай дегенде де, ҚЫТАЙ- әбжыландарға сыйынған Айдаһардың елі емес пе? Ал ол өз елінде не істеймін деседе өз еркі.
    Біздің саясат-көрші,іргелес елдермен лажы болғанша тату
    тұру ғой. «Қазаншының өз еркі,қайдан құлақ шығарса»
    деген емес пе дана қазақ бабаларымыз.
    Орыстар да отыр ғой тақымын қысып,»бейбіт өмірді қаласаң
    соғысқа даярлан» деген ой-тұжырымға нар тәуекел деп иек
    артып…
    Бізге(Қазақстанға) шет елдердің инвестициясын тартамыз деп тыраштана бермей,ақырындап,бесікті түзеп,халқымызға жағдай жасап санымызды ұлғайтуды үнсіз ұрандай іске асыра беру керек!
    Тағы бір маңызды мәселе,атом электр станциясын тұрғызу
    және оны Ресейге сеніп тапсыру қате шешім бе деп
    күдіктенемін… АЭСсіз өмір сүруге болады ғой?!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз