Әбіқаев президентке Шамда соғысып жүрген қазақстандықтар туралы мәлімдеді
2014 ж. 28 қараша
2382
1
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездесу өткізді, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
"Кездесу барысында Қазақстан президенті ел азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу оқиғаларына айрықша назар аудара отырып, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті", - делінген Ақорда сайтындағы жұма күнгі хабарда.
Өз кезегінде Нұртай Әбіқаев мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы "ИМ"-да жүрген қазақстандықтардың санын жариялады – олардың саны 300-ден астам, оның үстіне олардан "Қазақ жамағаты" дейтін құрылған. Әрі сол үш жүздің тең жартысы – әйел адамдар.