Қайрат Нұртастың анасына қатысты сот үкімі шықты
2014 ж. 28 қараша
3751
2
Биыл жазда жол апатын тудырған әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбековаға қатысты сот үкімі шықты.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. Сот Айдарбекованы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабы, 468-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған осы баптар бойынша 210 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 27 тамызында Алматы қаласында Гүлзира Айдарбекова "Lexus" автокөлігімен Шевченко көшесімен батыс бағытқа карай жүріп келе жатып "Жол беріңіз" белгісіне қарамастан, "Gerry" маркалы "Toyota" автокөліктеріне соғылған.
Жол оқиғасы салдарынан "Gerry" автокөлігі иесінің денсаулығына орташа деңгейде зақым келген.