Мақсат Үсенов қандай көліктермен жол ережесін бұзды (фото)

Жол ережесін жиі бұзса да, жауапқа тартылмайтын Мақсат Үсеновтің көліктері туралы мәлімет ғаламторға шықты.

Бұл туралы ztb.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Үнемі жол ережесін сақтамайтын, тек әкімшілік жауапкершілікпен ғана құтылып кететін Үсеновтің көліктері тым қымбат. Атап айтар болсақ, ол шетелдік қымбат маркалы көліктермен жол ережесін бұзуға құмар. Мақсат Үсенов қандай көліктермен жол ережесін бұзды (фото) 1. BMW X6. Тап осы көліктен бәрі де басталған болатын. Дәл осы автомокөлікпен Үсенов аялдамада тұрған алты адамды қағып кеткен. "Кейбір мәліметтер бойынша бұл автокөлік PP-Performance Kazakhstan ательесінде жөндеуден өтіп, қалпына келтірілген соң, Алматыдан өзге қалада сатылып кеткен", - деп жазады сайт. Мақсат Үсенов қандай көліктермен жол ережесін бұзды (фото) 2. Porshe 911. Үсеновтің Porshe 911 көлігінде Алматы көшелерінде жүргенін Facebok қолданушылары өз парақшаларында жазды. Мақсатты танитын адамдар да оның гаражынан осы көлікті байқағанын айтқан. Мақсат Үсенов қандай көліктермен жол ережесін бұзды (фото) 3. Toyota Avensis. Жол апатынан соң Мақсат Үсенов "Тойотоға" отырды. Алғашында бұл көлікті Мақсат өзі жүргізбей, арнайы көлік жүргізушісіне тапсырған. Алайда, жолаушы болудан жалыққан ол рульге қайта отырды. Мақсат Үсенов қандай көліктермен жол ережесін бұзды (фото) 4. Mercedes-Benz SL. Кейін Үсенов мына бір қымбат көлікке мініп шықты. Мақсат Үсенов қандай көліктермен жол ережесін бұзды (фото) 5. Mercedes-Benz S-Class W221. Бұл көліктің қайдан пайда болғаны белгісіз. Бір анығы, Үсенов осы көлікпен соңғы рет жол ережесін бұзған болатын.
Источник: NUR.KZ