Кулагин әкім болғалы Ақмола облысы халық наразылығынан арылмады
2014 ж. 25 қараша
1908
1
Компания басшысы емес, құдды бір хан баласындай. Ақмола облысында осылай деп шағым айтқан жұрт ауыл шаруашылығымен айналысатын жергілікті серіктестік басшысына қарсы шықты деп хабарлайды КТК арнасы.
Айтуларынша, кезінде жерлерін жалға алған кәсіпкер қалтасы қалыңдағалы қоқан-лоқы көрсетуді бастаған. Басшы келгенде Лозовое ауылында өлі тыныштың орнауы тиіс екен. Өйткені қожайынның ұйқысын тірі жан бұзбауы керек. Жұрт тіпті тиісті пай үлесімізді сұраудан қалдық деп бүгін ашуға мінді.
12 жыл бұрын жерін жерін қалталы кәсіпкерге жалға берген жұрт бүгінде осылай қалдық жемге күндері қарап қалған. Кезінде уәде етілген қамба толы астық, қалта толы ақшаның бүгінде бірі де орындалған емес. "Түгел С" серіктестігі басшыларына Лозовое ауылы тұрғындарының өкпесі қазір қара қазандай. Жер мен суды меншіктегені өз алдына, қазір ауылда еркін жүріп-тұрудан қалдық дейді жұрт.
"Сенесіз бе, олар бізге ауыл ішіндегі жолдан өтуге тыйым салды. Өйткені бас директор келгенде, ауылда шулауға болмайды. Қонақ үй жанынан мал да, жан да, тіпті көлікпен де өтуге болмайды. Директор дем алуы керек. Тіпті суды да тоқтатып тастайды, бастықтар жуынғанда судың қысымы жетпеуі мүмкін", - дейді ауыл тұрғыны Виктор Веселов.