Қарағандыда теміржол вокзалына мина қойған ер адам ұсталды

Полиция қызметкерлері облыс орталығындағы теміржол вокзалында жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат таратқан 52 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады.Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД мәлімдеді деп, хабарлайды Bnews.kz.

Ақпарат түскеннен кейін вокзалға жедел қызметкерлер жөнелтіліп, 100-ден астам адам эвакуацияланған. Вокзал ғимаратын тексерген саперлер жарылғыш затты таппаған. Полицейлер күдіктінің қайда екенін де анықтады. Бұрын алкоголь мен есірткі заттарын қабылдаған 52 жастағы қарағандылық өз пәтерінде ұсталып, уақытша ұстау абақтысына отырғызылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.