Қарағандыда теміржол вокзалына мина қойған ер адам ұсталды

0
1221

Полиция қызметкерлері облыс орталығындағы теміржол вокзалында жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат таратқан 52 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады.Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД мәлімдеді деп, хабарлайды Bnews.kz.

Ақпарат түскеннен кейін вокзалға жедел қызметкерлер жөнелтіліп, 100-ден астам адам эвакуацияланған. Вокзал ғимаратын тексерген саперлер жарылғыш затты таппаған.

Полицейлер күдіктінің қайда екенін де анықтады. Бұрын алкоголь мен есірткі заттарын қабылдаған 52 жастағы қарағандылық өз пәтерінде ұсталып, уақытша ұстау абақтысына отырғызылды.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз