Тәуелсіздік күні биыл да әдеттегідей Жаңа жылдың көлеңкесінде қала ма?

Алматы әкімдігі Тәуелсіздік мерекесін ерекше атап өтеді

Қазақстан бойынша Жаңа жылға дайындық басталып кетті. Мысалы Алматыда "Жаңа жылыңызбен!" деген жазулар самсап тұр. Аталған банерлерді көбіне жеке кәсіпкерлердің өздері ілген. Сол себепті Алматы әкімдігі оларға ешқандай шара қолдана алмайды. Ал билік жаңа жылды дәріптеуді 17-ші жолтақсанда бірақ қолға алады. Алайда оған дейін, қаланың бас шыршасы жағылып үлгереді. "Біз тәуелсіздік күні мерекесіне арналған дайындық шаралары бар. Ең біріншіден, біз Президент күнін 1 желтоқсанда атап өтеміз. Содан соң Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсан да тойлаймыз. Осы мемлекеттік мерекелерді тойлап өткеннен кейін ғана, қаламызды жаңа жылға дайындай бастаймыз. Яғни дайындық жұмыстар желтоқсанның 17-нен кейін ғана басталады", - деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бас маманы Дулат Маратов.

Источник: BAQ.KZ