Әкім ақпарат құралдарындағы біртүрлі суретіне түсінік берді
2014 ж. 22 қараша
1879
0
©Pavon.kz
Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Президент Жолдауы кезінде ұйықтап отырған сияқты болып көрініп қалған суреті жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық коммуникация қызметінде өтіп жатқан брифингте тілші әкімге "Президент Жолдауы кезінде фотографтар, өкінішке қарай, сіздің тәтті ұйқыда отырғаныңызды түсіріп алыпты" деген сұрақ қойды.
"Мемлекет басшысының Жолдауында ұйықтайтындай ақымақ емеспін ғой. Егер мен ол жерде ұйықтаған болсам ендігі сіздердің алдарыңызда тұрмайтын едім. Сондықтан ол жерде менің жанымда кімнің ұйықтап отырғанын және кімнің ұйықтамай отырғанын айтып бере алатын жүздеген адам болды", - деді Павлодар облысының әкімі.
"Мен Жолдауға бірінші рет қатысып отырған жоқпын ғой", - деді ол. Tengrinews.kz