“ЖЫЛ АДАМДАРЫН” СІЗДЕР АНЫҚТАЙСЫЗДАР!

107
12689

«Қазақ үні» газеті мен www.qazaquni.kz ұлттық порталының

2014 жылғы «Жыл адамдарын» анықтау басталды!

 

«Жыл адамы – 2014» таңдаулысы сайтымызда қалаған тұлғаңызға дауыс беру арқылы анықталады.

Сонымен қатар телефон сауалы, смс, электонды пошта  хабарларымен яғни, Сіздердің ұсыныстарыңыз арқылы Сарапшылар алқасы анықтайды.

Дауыс беру бүгіннен, 22 қарашадан басталып, 22 желтоқсанға дейін жалғасады.  

Яғни, бір айдан кейін, 23 желтоқсанда

әр саланың «Жыл адамдарымен» таныс боласыздар! 

 

Жыл жазушысы –

Жыл ақыны –

Жыл драматургы-

Жыл саясаткері –

Жыл қайрат­ке­рі –

 Жыл режиссері –

Жыл актері –

Жыл әртісі –

Жыл сазгері –

Жыл әншісі –

Жыл депутаты –

Жыл сенаторы –

Жыл министрі –

Жыл әкімі –

Жыл суретшісі –

 Жыл экономисі –

Жыл қаржыгері –

Жыл ректоры –

Жыл дәрігері –

Жыл ғалымы –

Жыл кәсіпкері –

Жыл меценаты –

Жыл спортшысы –

Жыл диаспора үздігі –

Жылдың басты оқиғасы

Жыл жетістігі-

Жыл датасы –

Жыл тағайындауы-

 

Ұсыныс-пікірлер 23 желтоқсанға дейін қабылданады.

Дауыс беру үшін:  

www.qazaquni.kz және порталдың Фейсбуктағы парақшасы.

Электронды пошта: [email protected]

телефондар  8-727-37837-41, 8-777-200-96-46

ЖЫЛ АДАМЫ – 2014  “Қазақ үні” газетінің “Жыл адамдары” анықталды   http://www.qazaquni.kz/?p=32012

107 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақстаннан биыл бірінші рет халықаралық Есенин орденін алған Қазыбек Иса «Жыл ақыны» ретінде ең көп дауыс жинапты. Неге ол Жыл ақыны атанбаған? Комменттердің дауыс санына қараймыз деп еді ғой…

  2. “Қазақ үні” газетінің “Жыл адамдары” анықталды. http://www.qazaquni.kz/?p=32012

    «Қазақ үні» газеті мен «qazaquni.kz» cайтының 2014 жылғы Жыл адамдары анықталды. Бірнеше номинация бойынша Жыл адамдарын 2014 жылғы 22 қараша мен 22 желтоқсан аралығындағы қоңырау шалу, смс, электронды пошта арқылы және «qazaquni.kz» cайтындағы Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз арқылы сарапшылар алқасы анықтады. Әрине, газет сайтындағы мыңдаған оқырманның жүздеген ұсыныстары, яғни, көпшілік қауымның таңдауы басты рөл атқарғанын айтуға тиіспіз. «Қазақ үні» газеті мен «qazaquni.kz» cайты Жыл адамдарын жаңа жылдарымен құттықтай отырып, оларға келер жылы да келелі табыс тілейді! Сонымен, «Қазақ үні» газетінің 2014 жылғы Жыл адамдарымен таныс болыңыздар!

    Жыл қайраткері – Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов. Қоғамдағы кө­кей­тесті ұлттық, әлеу­меттік мәселелерді баса көтеріп, мемле­кеттік тіліміздің қолданыс аясының кеңеюіне атсалысты.

    Жыл саясаткері – Азат Перуашев. «Ақ жол» партия­сының жетекшісі ретінде Алаш арыс­тарының ұлттық идеяларын дамытуда бірқатар игілікті шаралар атқарды.

    Жыл министрі – Тамара Дүйсенова. Халық денсау­лығын сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету және мем­лекеттік бағдар­ламаларды («100 мектеп, 100 аурухана») да­мыту барысында бір­қатар шараларды атқарды.

    Жыл әкімі – Қырымбек Көшербаев. Аймақтағы тұр­ғын­дардың әлеу­мет­тік-экономи­калық жағдайын жақсартуда ерекше көзге түсті.

    Жыл ғалымы – Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының құрметті академигі Тұрсынбек Кәкішев. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі сын жанрын жүйелеп зерттеудегі ерен ең­бегі қазақ әдебиет­тану ғылымының тарихында айрықша орын алады. Сонымен қатар, белгілі әдебиет майталмандары – С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаевтардың қоғамдық істері мен шығармашылық әдеби мұрасын ғылыми айналымға түсіргендердің бірі.

    Жыл сенаторы – Нұрлан Оразалин. Мемлекеттік БАҚ қызметкерлері мен әдебиет, өнер саласындағы дарынды жастар үшін қызметтік тұрғын үй салу мәселесін көтерді.

    Жыл депутаты – Дариға Назарбаева. Вице-спикер ҚР Білім және ғылым министрлігін аяусыз сынап жүргені белгілі. Депутат халықтың мұң-мұқтажын жиі көтеретіндіктен басқа әріптестерінен оқ бойы озық шықты.

    Жыл жазушысы –Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Софы Сматаев. «Мұңлы ойлар» кітабында қоғам­да белең алған келеңсіздіктерге қабырғасы қайысып, тұңғиық ойға батады, мұң кешеді. Ағы­нан ақтарылып, оқыр­ма­нына бүкпесіз сыр ағытады.Cофы Сматаев

    Жыл драматургі –Думан Рамазан. «Кенесары-Күнім­жан» атты тарихи драмасында қазақтың соңғы ханы Кене­сарының ой-арманын бүгінгі ұрпақтың бойына сахна тілімен сіңіріп береді.

    Жыл режиссері – Рүстем Әбдірашев. Президент туралы «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмнің режиссері.Бұл кино-туынды «Елбасы жолы» киноэпопеясының логикалық жалғасы болып табылады. Жаңа картина Мемлекет басшысы партком хатшысы болып сайланып, үлкен саясатқа енді араласа бастаған 1971 мен 1977 жылдар аралығын қамтиды.

    Жыл сазгері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев. Терең де мағыналы шығармалары арқылы өз тыңдарманының шабытын оятып, ерекше әсер қалдырады.

    Жыл әртістері – Омар Қиқымов, Жұлдыз Маханова . Отандық «Сырғалым» телехи­каясы қарапайым қазақ отбасының күнделікті тыныс-тіршілігін баяндау арқылы кенже қалып бара жатқан ұлттық тәрбиеге ден қояды.

    Омар Кикымов

    Жыл әншісі –Жанар Дұғалова. Татарстанның Қазан қаласында өт­кен халықаралық «Түрквижн – 2014» ән байқауында бірінші орынды иеленді.

    Жыл ректоры –Профессор Месут Ақгүл. Сүлеймен Демирель атындағы қазақ-түрік университетін ашып, оны басқару арқылы қазақ-түрік ағайындардың арасындағы бауыр­ластық қарым-қатынасты нығайтуға атсалысты. Сондай-ақ, қазақ жастарының сапалы білім алып бәсекеге қабілетті маман атануына септігін тигізіп келеді.

    Жыл кәсіпкері – Серік Мерғалиев. «ПСП СЕРИК» ЖШС бас директоры, кәсіпкерлік пен өндіріс саласы бойынша Батыс Қазақстан облысының дамуына елеулі үлес қосты. Сондай-ақ, тұңғыш рет батыс өңірінен «ТДК-42» атты тәуелсіз телеарна ашқан.

    Жыл меценаты – «Алтын қыран» Халықаралық қайырымдылық қорының басқарушысы Исламбек Салжан. Әйгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейі­совтің «Қан мен тер» (Вlооd and Sweat) және «Соңғы парыз» (Final respects) атты қос романының ағылшын тілінде шығуына жәрдемдесті. Сондай-ақ қазақ еліндегі көптеген рухани шараларға зор демеушілік көрсетіп келеді.

    Жыл спортшылары – Илья Ильин, Геннадий Головкин, Жасұлан Қыдырбаев. Спорттағы үздік жетістіктері арқылы қазақ елінің даңқын асырды.

    Жыл тағайындауы – Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетов. Б.Сапарбаев – ҚР Премьер-ми­нистрінің орынбасары. И.Тасмағам­бетов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі.

    Жылдың әдеби жетістігі – ҚР Мемлекет сыйлығының лау­реаты Дулат Исабе­ковтің Лондон сахнасында алғаш рет «Өкпек жолаушы» пьесасы қойылды. Ұлықбек Есдәулеттің Қытай Халық Республикасы мен Моңғолия елінде жыр жинақтары жарық көрді. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Қазыбек Иса Ресейдің талантты сыншыларының талабынан шығып, Қазақстаннан тұңғыш рет Халықаралық С.Есенин атындағы «Алтын күз» ордені иегері атанды.

    Жылдың басты оқиғасы–2014 жылдың 29 мамырында Еура­зиялық Одаққа қол қойылды.

  3. Мен де Еділге қосыламын. Жылдың әдеби жетістігі – Д.Исабековтың Лондонда кітабы шығып, пьесасы қойылуы. Ұлықбек Есдәулеттің қытай тілінде кітабы шығуы, Қазыбек Исаның халықаралық Сергей Есенин сыйлығы “Алтын күз” орденіне ие болуы. Қазақ қәдебиетінің Мәскеуде 3 томдық антологиясы шығуы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз