Алматы мен Астана арасындағы тас жол 4 жолақты болмақ

Алматыдан Астанаға бет түзеген жолаушылар 1-санатты тас жолмен қатынайтын болады. Қос қаланы байланыстыратын торап 4 жолақты болмақ.

Алматы мен Астана арасындағы тас жол 4 жолақты болмақ Бұл туралы бүгін "ҚазАвтожол" Ұлттық компаниясы басқарма төрғасының орынбасары Ұлан Әліпов құлағдар етті деп жазады baq.kz.

Бағыттың ұзындығы 1 мың 300 шақырымды құрайды. Мәлім болғандай, қазір Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде.

Ұлан Әліповтың айтуынша, Теміртауға дейін бетонды болып, ары қарай асфальт-бетонды жол төселеді. Қапшағай-Алматы тас жолы цементті әрі бетонды болмақ.

Айта кетейiк, 2020 жылға дейін Қазақстанда 7 жарым мың шақырым республикалық жолдар салынады және қайта жөнделеді. Онда шамамен 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.