Депутат нан бағасын 300 теңгеге қымбаттатуды ұсынды
2014 ж. 21 қараша
2270
9
Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров нан бағасын 300 теңгеге қымбаттатуды ұсынды. Оның пікірінше, бұл шара нанға деген құрметімізді арттырып, оған жеңіл қарамауға үйретеді екен.
Естеріңізде болса, Ауыл шаруашылғы министрі Асылжан Мамытбеков 2015 жылдың қыркүйегіне дейін бірінші сұрыпты бидай мен нан бағасы қымбаттамайтынын айтқан болатын.
"Бұл мәселеге саяси тұрғыдан қарайық. Қазақстанда, нанды өлкеде нан бағасын ұстап тұруға билік бар күшін салатыны анық. Мемлекеттік тұрақтандыру қорындағы қаражат оны өзгеріссіз ұстап тұруға толық қауқарлы", - деген еді Асылжан Мамытбеков.
Ал депутат Қоңыровтың айтуынша, бұл мәселеге тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, елдегі нан бағасы тым арзан көрінеді. Қоқыс жәшіктеріндегі қаптың түбінде шіріп жатқан мұның айқын дәлелі бола алады екен.
"Меніңше, Қазақстанда әлеуметтік жағдайы сын көтермейтін тұрғындарға ғана нан арзан сатылуы тиіс. Қалған азаматтар бұл өнімді 300 теңгеден сатып алуы тиіс. Себебі, нан арзан сатылса, халық бұл өнімге атүсті қарап, нан қалдығын қоқысқа тастауды доғармайды. Біз тек осылайша нанның қадірін арттыра аламыз", - дейді Айқын Қоңыров.