Жарылыстан қаза тапқан студенттің отбасына 1 млн теңге беріледі

0
936

Алматыда жарылыстан қаза болған 17 жастағы Светлана Яковлеваның отбасына 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек беріледі.

Жарылыстан қаза тапқан студенттің отбасына 1 млн теңге беріледі

Бұл туралы қала басшысы қала депутаттарымен кезедсуінде мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Ал жарылыстан жапа шеккен балалардың отбасыларына әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілетін болды.

Кеше Алматы әкімі Ахметжан Есімов Сән және дизайн колледжінде болған жарылыстың себебін шұғыл түрде анықтауды тапсырған болатын. Оның тапсырмасы бойынша қазір әкімнің орынбасары Юрий Ильиннің басқаруымен арнайы комиссия құрылды.

Сонымен қатар, қала басшысы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына төтенше жағдайдан жапа шеккен адамдардың денсаулығына аса мән беруді қатаң тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең Алматыдағы Сән және дизайн колледжі ғимаратының екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 1 қыз оқиға орнында қаза болып, 12 адам жапа шекті. Әзірге, олардың 5-еуінің жағдайы ауыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз