Соросты Қырғызстанда «түрлі-түсті революциялардың демеушісі» деп айыптады

0
827

Бішкекте АҚШ елшілігі алдына жиналған «Русский мир» қоғамының белсенділері америкалық қаржыгер әрі филантроп Джордж Соростың Қырғызстанға келуіне қарсылық білдіріп, акция өткізді.

Соросты Қырғызстанда

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, шараға қолдарына «АҚШ, Қырғызстаннан қолыңды тарт!» деген жазу ұстаған 50-ге жуық адам қатысқан. Наразылар Соростың Қырғызстанға келуі елдің егемендігіне «нұқсан келтіретінін» айтып, оны «түрлі-түсті революциялардың демеушісі» деп айыптаған.

Қырғызстанға барған Джордж Сорос Бішкектегі Орталық Азиядағы Америка университетінің басшылығымен және студенттерімен кездеспек. Сорос бұған қоса билік өкілдерімен де жолығады деп хабарланды. Бірақ оның нақты кіммен кездесетіні белгісіз.

Джордж Соростың «Ашық қоғам институты» қоры әлемнің ондаған елінде азаматтық қоғам қалыптастыру, демократия орнату мақсатында жұмыс істейді. Соңғы жиырма жылда бұл қор арқылы Қырғызстанға 79 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек берілген.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз