Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ауысу себебі анықталды
2014 ж. 12 қараша
2102
2
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысын 5 жыл басқарған Бердібек Сапарбаевтың аймақтағы қызметінен кету себебін түсіндірді.
Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
"Бердібек Мәшбекұлының тәжірибесі мол. Ол вице-премьер қызметінде әлеуметтік сала мәселелерін шешеді деп ойлаймын. Президент ел дамуында ерекше рөл атқаратын "Нұрлы жол" бағдарламасы туралы айтты. Енді осы бағдарламаны атқаруда Бердібек Мәшбекұлының мол тәжірибесі көмектеседі деп ойлаймын", - деді Мәсімов.
Ал өз кезегінде Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысында өткізген қызметіне көңілі толатынын жеткізді.
"Жаңа қызмет президенттің маған деген сенімін білдіреді. Мен осында 5 жыл 9 ай бойы менімен бірге болған әріптестеріме рахмет айтқым келеді. Егер қатты сөйлеген кезім болса, кешірім өтінемін. Жұмыстың аты жұмыс", - деді Бердібек Сапарбаев.
Өңірдің жаңа басшысы Даниал Ахметов мемлекет басшысының сенімін ақтайтынын жеткізді. "Менің арқамда үлкен жауапкершілік тұр. Ол – ұлы адамның (Нұрсұлтан Назарбаев - автор) сенімін ақтау", - деді Даниал Ахметов.