Депутат жемқорлықпен күресті балабақшада бастау керектігін айтты

0
940

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» туралы Жаңа заң нәтижесі аз болған 1998 жылғы «Жемқорлықпен күрес» туралы заңның орнын басып, кемшіліктердің орнын толтырады.

Депутат жемқорлықпен күресті балабақшада бастау керектігін айтты
Бұл туралы бүгін Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров мәлім етті деп хабарлайды bnews.kz.

«Мысалы, орта білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» атты пән бар. Сол пәннің бағдарламасына сәйкес, оқу уақытының 15 пайызы жемқорлықпен күрес мәселелері, жалпы, жемқорлық дегеніміз не екенін түсіндіруге кетуі керек», – деді Нұрлан Әбдіров.

Депутат әлеуметтік сауалнамаға қатысқан азаматтардың 20-30 пайызы қандай да бір мәселені шешуде заңды айналып өтіп, пара беруге дайын тұратынын айтты.

«Яғни, азаматтарымыздың арасында пара беруге дайын, тіпті, пара беріп жүргендері бар. Олар үшін ертең бұл үйреншікті жағдайға айналады. Сондықтан, жемқорлықпен күрес мәселесінің негізін балабақшадан бастау керек», – дейді Мәжіліс депутаты.

 

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз