Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынға қатысты алғашқы сот отырысы басталады

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынға қатысты алғашқы сот отырысы басталады. Шенеунікке қарсы әуелде тағылған 10 айыптың тек екеуі бойынша іс қозғалған.

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынға қатысты алғашқы сот отырысы басталады Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сәйкес, Ерлан Арынға қатысты іс құзырлы органға бірінші қазанда түскен. Алайда, "айғақтар толық емес және тергеу жан-жақты жүргізілмеген" деген ұйғарыммен іс қайта тергеуге жіберілген.

Енді бұрынғы әкім "алаяқтық", "ірі көлемдегі пара алу" және "қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру" фактілері бойынша жауапқа тартылмақ.

Еске салсақ, Ерлан Арын Павлодар облысына 2012 жылдың қаңтар айында әкім болып тағайындалды. Ал, өткен жылдың аяғында облыс әкімінің кеңесшісі Төлеген Бәстенов ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталды.

Іле-шала желтоқсанның жиырмасында Ерлан Арын өз еркімен қызметтен кеткен-ді. Бірақ, үстіміздегі жылдың 5-наурызында өңірдің бұрынғы басшысы қамауға алынды. Оған бірнеше дерек бойынша айып тағылды.

Источник: NUR.KZ