Назарбаев терроризм туралы заңға қол қойды

7
3322

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев терроризм туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Аталмыш заң бойынша, енді Қазақстанда сот шешімімен террористік деп танылған ұйымдар бірден жабылатын болады.

Ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану процедуралары жеңілдетіледі. Заңда террористік сипаттағы үгіттеу материалдарын таратқан интернет сайттары мен ақпарат құралдарын бұғаулау да қарастырылған.

Сонымен бірге мемлекет экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымның дүние-мүлкін тәркілейтін болады.

Заң бойынша, экстремистік немесе террористік қылмыстары үшін сотталып, жазаларын өтегендердің қаржылық операцияларына бақылау жүргізіледі.

Шетелге шыққан қазақстандықтарға экстремистік және террористік ұйымдардың іс-әрекетіне қатысқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескертіледі.

7 ПІКІРЛЕР

  1. Менин айтайын дегеним бурынгы атам заманда казак кыздары кап кара киим хиджаб кимеген дурыспа ер адамдар сакал жибермеген кап кара киим киип ап улкен кисилер гана сакал жиберген оларды аксакал деген ал кара киим деген кара ниет кара заман тондиретин адамдар ишке енди деген магынаны билдиреди

  2. Менің ойымша елдегі тыныштыққа ең үлкен қауіп ішкі-сыртқы лаңкекстіктіктер емес-қазіргі билік басындағылардың халыққа қарсы тым аса қысымы мен қызғанышын қоздырып күмәндә жолдармен шектен тыс байып бара жатқаны болатын сияқты. Егер байлар мен кедейлердің ара жігі ұзақ жылдар бойы жайлап ажыраса -ештеңе емес, ал бірден, күрт бөлініп кетсе -жарылыс, қопарылыс болады.Бұл -өте қауіпті заңдылық.Сондықтан ең алдымен осындай зардаптардың алдын алу керек еді.

  3. Елбасымыздын шыгарган заны дурыс мен оган коса тагы да баска да сактану шараларын жургизсе деп едим мысалы интернет ватсап т.б аркылы смс аркылы ол вахавизм динине ешким кирмеу туралы ол диннин жаман екени туралы жазып ар адамга телефонына жиберип сосын олендер айтса деймин аншилер солар туралы сонда билмеген адамдар тусинет деп ойлаймын ол дин туралы

  4. Есенғали ,іштегі құса болып жүрген барлық «запыранды» қотара салыпсың .Осыдан кейін айтатын сөз қалған жоқ.Не айтсаң да, түбін түсіре айтасың.Бұған айтар дау жоқ шығар??!

  5. Ыза боп жүрген қазақ !
    Сепаратизм дертін кім қоздырады ? Орыстар !
    Аққұлаққа «тәйт» деуге,оларды заңмен шектуге Кремльге жалтақтаған біздің мәңгүрт-көзқаман билік қорқады.
    Сен Тойчибеков деген сәуселімнің сөзін айтып көрші,бала-шағаң сенің сүйегіңді де жинап ала алмай қалады.
    «Мәңгілік» Көсеуович : «Қазақта мемлекет болмаған,шекарасын мен көсеуіммен сызып бердім !» – деп отырса,Кремльдегі қортық чекист : «Қазаққа мемлекет құрып берген Нурсултан Абишевич» – деп отырса,Жирик-жынды мен Лимон-апельсиндер,Проханов-Штыгачев деген есалаңдар ошшым,қазақ деген ұлт жоқ – деп отырғанда,аққұлақтар құтырмағанда кім құтырады ?
    «Біз тіл-тіл деп қақсай берсек,жағдайымыз Украинадағыдай болады» – деп қорқақ көсеуші «лидер нации» деген пендең орысқа қарап жалтақтап отырса,аққұлақтар құтырмағанда кім құтырады ?
    «Көреген» көсекең : «Ойбай,бізге стәбилность керек,Қазақстанда 140 ұлт пен ұлыс өкілдері жасайды» – деп,3 кәріс,2 чукча,1,5 нганасан,1 долган мен жарым эвенкке қазақтың рухын таптатып қойса,қазақты үшінші сұрыптағы ұлтқа айналдырып,үйсіз-күйсіз қаңғымаға айналдырып қойса,аққұлақтар құтырмағанда кім құтырады ? !

  6. ОСЫ ЗАҢДА ТЕК ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘРЕКЕТТЕР ТАНЫЛЫП ,АЛ СЕПАРАТИЗМ НЕГЕ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН ?Қазіргі кезде осы сепаратизм қауіпті болайын деп тұр ғой!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз