Депутаттар елімізге сырттан келетін тауарлардың сапасыз екенін айтты
2014 ж. 04 қараша
1753
0
Қазақстанға жеткізіліп жатқан импорттық тауарлардың басым көпшілігі сапасыз. Бұл туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті өткізген отырыста Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Матішев мәлімдеді.
Матішевтың айтуынша, біздің елдің мамандары 80 мыңнан астам өнімге тиісті тексеру жүргізіп осындай шешім шығарып отыр. Мұның себебі де белгілі. Яғни, Қазақстан техникалық реттеу нормаларын барынша қолдана алмай келеді.
Бұл ретте Кеден одағындағы елдерден кейін қалып қойған. Тіпті, Қазақстан атын жамылып жалған құжат жасап көрші елдерге заңсыз тауар тасымалдайтындар шыға бастаған.
"Кедендік одақ құрылғаннан кейін Ресей тарапы Қазақстаннан келетін тауарларға түрлі жолмен кедергі салуға тырысып жүр, ал біздің дүкендер нарығымыз олар үшін ашық болып отыр. Жақында ғана міне Қазақстандағы екі ет өнім шығаратын зауыттардың өнімдеріне ресейліктер экспорттауға тыйым салды",- дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.
Депутаттардың айтуынша, тұтынушы өнімдері техникалық реттеу тетіктерін жетілдіру кезек күттірмес мәселенің бірі. Себебі, сырттан келетін тауарлардың сапасы мен заңдылығын бақылау қауіпсіздігімізді күшейте түспек