КІМДІКІ ДҰРЫС?.. КІМ ТОПАС?..

d0b4d0bed181-d0bad0bed188d0b8d0bc4

d0b5d180d0bbd0b0d0bd-d18bd0b4d18bd180d18bd181d0bed0b22d182d0b0d181d0b1d0b0d0b9-d181d0b8d0bcd0b0d0bcd0b1d0b0d0b5d0b2-13d0bed0bbd0b6d0b0d181-d181d183d0bbd0b5d0b9d0bcd0b5d0bdd0bed0b2-28

Қазақстан енді 21 жылға 10 жыл қосып, 2020 жылы – 31 жылдан соң ғана қазақ тілінде сөйлемек!..

Ал ең топас адамның өзіне тіл үйренуге 3 жыл жетеді екен… Сонда біз он есе топаспыз ба?..

 

Дос КӨШІМ:    «Ең топас адамның өзі 3 жылда кез келген тілді үйрене алады!»

        Маған жақында Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматы қалалық бөлімшесінің мүшелері алдында сөз сөйлеуіме тура келді. Мен сонда былай дедім: «Мен «әлеуметтік лингвистика» деген ғылым саласының маманымын. Сол ғылымның заңы бойынша тілді үйренсем деген кез келген, тіпті нағыз топас  адам, өзі сол ортада өмір сүрмесе де, 3 жылдың ішінде үйреніп алуға шамасы жетеді. Сіздер мені кешіріңіздер, бұл ғылыми дәлелденген заңдылық. Сіздер 20 жылдан бері қазақ тілін үйрене алмай жүрсеңіздер, демек, сіздерде бұл тілді үйренсем деген шынайы ықылас жоқ. Басқа ештеңе де емес! Орыстардың ішінде балаларын қазақ мектебіне беретіндер саны жарты пайызға да жетпейді. Алматыдағы ұйғырлар арасында бұл көрсеткіш 7 пайызды құрайды, ал орыс мектебіне беретіндер саны – 57 пайыз. Яғни, сіздер өз болашақтарыңызды қазақ тілімен, қазақ тілді қазақ мемлекетімен емес, орыс тілді қазақ мемлекетімен байланыстырасыздар. Сіздер менің бұл сөзіме өкпелемеңіздер, өкпелесеңіздер де өздеріңіз білесіздер, мен шындықты ашық айтып үйренген адамммын және оны барлық жерде ашып айтатын кез жетті. Әлдеқашан жетті!

Сондықтан, сіздердің қазақ елімен өздеріңізді тағдырлас сезінетініңізге біз сенсін десеңіздер балаларыңызды қазақ мектебіне беріңіздер! Және солай етейік барлық қазақстандықтарға үндеу тастаңыздар!

Екіншіден, тағы да біз сіздердің отандастық жайлы сөздеріңізге сенсін десеңіздер әр жылдың 17 желтоқсаны күні бізбен бірге барып Алматыдағы Тәуелсіздік алаңындағы 1986 жылы құрбан боған қазақ жастарының ескерткішіне гүл шоғын қойыңыздар. Әзірге тек біз, қазақтар ғана қоямыз, ал сіздерге гүл шоғын қоюға не кедергі?»

Менің осы екі ұсынысыма да олар қарсы сөз айта алған жоқ, қайта «дұрыс, дұрыс, солай ететін боламыз» деп ризашылықтарын білдіріп жатты. Нәтижесі қалай болады, оны, әрине, уақыт көрсетеді…

Ерлан ЫДЫРЫСОВ, Сыртқы істер министрі (қазір Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі): «Если вы мне не поменяйте мои мозги, мне казахский язык не выучить!» (2002 г.).

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі: «Если мы сегодня переведем делопроизводство в Алматы на казахский язык, социального взрыва в городе не избежать!» (2005г.).

Тасбай СИМАМБАЕВ, сенатор: В последнее время некоторые господа со средневековым феодально-байскими замашками стали искажать историю, усилили атаку на наши исконно дружественные казахстанско-российские отношения, предлагают слишком ретиво перейти на язык титульной нации, допускают грубые наскоки на языки других народов, особенно русского языка, которым сегодня владеют почти все население Казахстана, где проживает более 4 млн. русскоязычных людей.

Только с больным воображением лжепатриоты могут искажать нашу историю и говорить, что Казахстан был ранее колонией России. Или у них коротка память, или они заведомо лгут, ради дешевого популизма. (2010 г.).