АҚШ шет елдерге 500 агентін жіберуді жоспарлауда

АҚШ Қорғаныс министрлігі шетелдерге 500 агентін жіберуді жоспарлап отыр. Олардың басты міндеті – өзге мемлекеттерден мәлімет жинап, Пентагонға жіберіп отыру. Бұл туралы америкалық шенеуніктер мәлім етті, деп жазды Washington Post газеті.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Агенттер дүниенің түкпір-түкпіріне жіберілген. Соның ішінде АҚШ ерекше нысанаға алған мемлекеттердің қатарында "Әл-Каида" мен "Ислам мемлекеті" ұйымының лаңкестік топтары қаптаған Таяу Шығыс елдері бар.

2012 жылдың соңында АҚШ Қорғаныс министрлігінің Барлау басқармасы мыңдаған қызметкерін оқытып, шет мемлекеттерге жіберуді жоспарлап отырған болатын.

Бұл қызметкерлер АҚШ Орталық барлау басқармасы мен Арнайы операциялар басшылығымен бірлесіп жұмыс істеуі керек еді. Алайда, екі жыл өткенде бұл жоспар қайта қаралып, кейінге шегерілген.

Источник: NUR.KZ