Қазақстанда келесі президент атануы мүмкін адамдардың есімі белгілі болды

Саяси элитадағы қай тұлғаның келесі мемлекет басшысы болуға мүмкіндігі зор. "Рейтинг.кz" зерттеу агенттігі күллі қазақты алаңдатқан сауалға жауап алмақ болып, сауалнама жүргізген деп жазады сайтқа сілтеме жасаған Ult.kz порталы.

Қазақстанда келесі президент атануы мүмкін адамдардың есімі белгілі болды

Қыркүйектің 12-і мен 20-ы аралығында жүргізілген сараптамалық сауалнамаға елдегі саяси һәм әлеуметтік-экономикалық жағдайға жақсы қанық 38 респондент қатысқан. Рейтингтік зерттеу қазіргі саяси сахнада өз орны бар 28 саяси тұлғаға қатысты жүргізілген. Келесі президенттің кандидатурасы 9 негізгі факторға негізделген, оның ішінде "Президент Назарбаевтың сенімі", "ішкі күштердің және сыртық лидерлердің қолдауы", "саяси, экономикалық әсері" секілді критерийлер бойынша анықталған. Мұндай сауалнаманы осы агенттік былтыр да жүргізген болатын, бірақ оның қорытындысы жарияланған жоқ. 2014 жылғы рейтингте өзгерістер көп.

Сонымен, рейтингтің көшбасында Ахметжан Есімов пен Кәрім Мәсімов тұр. Нұртай Әбіқаев екінші орында. Үшінші орында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алматының әкімі Ахметжан Есімов пен Премьер-министр Кәрім Мәсімов бірдей балл жинап, көш бастап тұр. Есімов "Президент сенімі" критерийі бойынша алда. Ал, Мәсімовтің "сыртқы күштің қолдауы" бойынша мысы басым.

Есімов Алматы секілді ірі мегаполисті жақсы басқара алатынын дәлелдесе де, ол өз біліктілігі дағдарыс жағдайында әлі көрсеткен жоқ, дейді сарапшыар.

Кәрім Мәсімов те президенттің сеніміндегі адам, оған премьер-министр болып қайта тағайындалуы айғақ. Алайда, Мәсімов әкімшілік -бюрократиялық күштерге сенім артса да, қалың бұқараның көшбасшысы ретінде харизматика жөнінен әлсіздеу депті эксперттер. Бірақ ол өзін антикризистік менедждер ретінде жақсы көрсетті. Ол мықты стратег, рейтингті бастап тұруға лайық, делінген. Келесі орында Нұртай Әбіқаев пен Касым-Жомарт Тоқаев. Одан кейін рейтингті президенттің жақын туыстары Тимур Құлыбаев пен Дариға Назарбаева жалғастырады. Биыл Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасы +10 баллға жоғарылап, алтыншы орынға көтеріліпті. Қазіргі қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің келесі президент болуға мүмкіндігі біраз төмендеген. Ол жетінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда, Әділбек Жақсыбеков, Нұрлан Нығматулин, Болат Өтемұратов, Бақытжан Сағынтаев, Өмірзақ Шөкеев, Әсет Исекешев, Мұрат Тәжин, Бауыржан Байбек, Самат Әбіш т.б. тұлғалар тұр. Рейтингті "жол болмағандар" тобы аяқтайды. Олар Серік Ахметов пен Аслан Мусин. Оппозициялық сарапшылардың көбі Ахметовтың отставкаға кетуін саяси сахнада салмағы бар ойыншы Нұрлан Нығматуллинмен "үнсіз" теке-тірестерінің қорытындысы деп пікір білдіреді сарапшылар. Ал, Аслан Мусин позициясының төмендеуі Бергей Рысқалиевтің ісіне аты араласқаны әсер етсе керек. Рейтинг көрсеткендей, Назарбаевтың Мусинге деген сенімі біраз селдіреген.

Источник: Ult.kz