Сенатор саяжайларға тұрғын үй мәтребесін беруді ұсынды

1
944

Қала маңында орналасқан саяжайларға жаппай тұрғын үй мәртебесін беру қажет. Тек осылай ғана Қазақстан қордаланып қалған баспана мәселесін шеше алады.

Сенатор саяжайларға тұрғын үй мәтребесін беруді ұсынды
Сенатор Елеусін Сағындықов бітпес дауға айналған саяжайлардың тағдырына араласып, өзінің осындай пікірін білдірді деп хабарлайды Жетінші арна.

Құралай Бөпетаева Астанаға осыдан он шақты жыл бұрын көшіп келген. Шаршы метрінің құны шарықтаған шаһардан пәтер алуға шамасы жетпеген. Бірақ, жиған-терген табысына қала шетіндегі саяжайдың бірін сатып алған. Үй салған. Заманға сай әрлеу жасаған. Ас бөлме, жатын бөлме, қонақ күтетін зал барлығы бар. Бүгінде бейнетпен салған осы баспанасы сүріліп кете ме деп алаңдап отыр.

«Әрине, мұның бәрін заңдастырып берсе тіпті тиімді болар еді. Ертең далада қалғаннан гөрі ал сүріп жатыр бір бөлмелі пәтер беретін де түрі жоқ. 15-20 мыңға не аласың қазір жер де қымбат, пәтер де қымбат еш нәрсе ала алмаймыз», – дейді Құралай.

Аты саяжай болғанымен, заты тұрғын үй ауданын аңғартады. Қаланың өзі таяқ тастам жерде тұр. Осылай, түтінін түтетіп отырған жұрттың дені ауыл-аймақтан келген ағайындар. Қай қайсысы болсын, саяжайды тұрғын үй ретінде теңестіру туралы ұсынысты қос қолымен қолдап отыр.

Мысалы, халықаралық дәрежеде мұндай практика бар, ал біз неге тіреліп қалдық

Бұрынғы облыс әкімі, бүгінгі сенатор Елеусін Сағындықов саяжайлықтардың мәселесін бір кісідей білетін сыңай танытты. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде баспанаға зәру жүздеген мың адам осындай жерлерде тұрып жатыр.Оларға баспана алу кезегінің алыс екені де анық. Сондықтан, саяжайларды тұрғын үй ретінде заңдастырып, баспана кезегінде тұрған халықтың санын азайтуды ұсынды.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін көбі көшіп соны үй қылып, екі қабатты жасап жатыр тұрып жатыр. Соларды неге тұрғын үйге аудармаймыз? Мысалы, халықаралық дәрежеде мұндай практика бар, ал біз неге тіреліп қалдық. Сол уақытта жүздеген мың адамдар өзінің жеке тұрғын үй болып мына кезектен кетер еді әрі қарай келмес еді. Осыны бір ойластырайық», – дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов.

Тұрғын үй мәселесі қаралған бұл жиынға Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев та қатысты.

Ол – саяжайларды тұрғын үй ретінде заңдастыруға болмайтындығын кесіп айтты және себебін де түсіндірді.

«Біз оған келіспейміз! Өйткені саяжайды тұрғын үйі ретінде санасақ, оның мектебін салу керекпіз, жанындағы ауруханасын салу керекпіз, жолдарын жөндеу керекпіз. Өздеріңіз білесіздер, саяжайдағы жолдар 6 метрден аспайды онда ешқандай нормаларға сай келмейді», – дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев.

Қазір Тұрғын үй қатынастары туралы заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Аталмыш құжатты қарау кезінде саяжайдағы тұрғындардың талабы орындала ма, орындалмай ма ол жағы әзірге нақты белгісіз.

Біз оған келіспейміз! саяжайдағы жолдар 6 метрден аспайды онда ешқандай нормаларға сай келмейді

Дегенмен, халықтың қалаулысы саналатын депутаттар құзырлы министрлік мамандарынан елдің тілегін ескерусіз қалдырмауды ұсынды.

Источник: NUR.KZ

1 Пікір

  1. қазақтар өз жерімізде қашан өз шаңырағымыз болады деп азғантай айлықпен күндерін әрең көруде.Бұл жағдайды күнделікті өмірде көріп жүрміз.Неге? Біздің жеріміз кең байтақ бола тұра,неге көбіміз үйсіз жүрміз? Біздің жмысымыздағы алатын жалақымыз да өзге ұлттармен салыстырғанда аз екенін байқап қатты ызаландым.Бірақ қолдан келер қайран жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз