АҚШ әскеріне соғысқа дайын тұруға бұйрық берілді

АҚШ - тосыннан келетін шабуылға дайын тұрулары керек. Өйткені іштен іріткі салушылар бүлікшілерді үкіметке қарсы қоюлары әбден мүмкін деп қауіптенеді екен Ақш-тың арнайы операциялар командованиесі (USASOC).

АҚШ әскерлеріне
Осындай ақпарат таратқан РИА Новости Defense News басылымына сілтеме жасап отыр.

Бұл туралы командованиенің жаңа ресми құжатында айтылса керек. Оның авторларының ойынша, мұндай соғысқа Ресей мен Иран түрткі болулары ғажап емес.

Құзырлы сала осындай тұтқиылдан келетін күшке қарсы тұру үшін "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған құзыраралық, үкіметаралық және халықаралық стратегиялық" әдістердің көмегіне жүгінуді ұсынып отыр деп жазады Тенгриньюс порталы.

"Сонда біз қарсыласымыздың саяси, экономикалық және әскери, сонымен қатар, психологиялық қысымына төтеп бере аламыз" деп санайды сөз болып отырған сала.

Бұл құжатта сондай-ақ, АҚШ-тың әскери саласының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі айрықша көрсетілген.

Источник: Tengrinews.kz