Қарағандыдағы зауыт алғашқы ұшақты шығару мерзімін тағы кейінге шегерді

0
1294

Қарағандыдағы Казавиа-спектр зауыты алғашқы ұшақты шығару мерзімін тағы кейінге шегерді. «Фермер-2» ауыл шаруашылығы ұшағын 1 қазанда шығарамыз деген кәсіпорын басшылығы, әуе кемесінің нақты қашан дайын болатынын айта алмай отыр.

Қарағандыдағы зауыт алғашқы ұшақты шығару мерзімін тағы кейінге шегерді
Фото: avia-capital.ru

Осыдан екі жыл бұрын Президенттің тікелей қатысуымен ашылған «ҚазАвиаСпектр» зауыты әлі күнге дейін бірде бір ұшағын шығармады.

846 миллион теңге несие берілген жоба «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдау тапқан еді. Кәсіпорын басшылығы ұшақтың шығарылу мерзімінің ұзартылуын әуе кемесінің негізгі жұмыстарын жасауға үлгермей жатқанмен түсіндіреді.

Әзірге «ҚазАвиаСпектр» өкілдері жұмыстардың қашан аяқталатынын дөп басып айта алмай отыр. Тек алғашқы ұшақты Жаңа жылға дейін шығарамыз деген сөздерінен таймады.

Источник: 31 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз