Қызметкерi парамен ұсталған басшының отставкаға кетуі заңмен бекітілмек

0
881

Қарамағандағы қызметкерлерi сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған лауазымды тұлғаның оставкаға кетуi заңмен қарастырылмақ. Аталмыш мәселе келесi жылы парламент қарауына енгiзiлетiн «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң жобасында қамтылатын болады. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды

Бүгiн Сенаттың пленарлық отырысы барысында Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлiмдедi.

«Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық қылмыс жасаған жағдайда оның басшыларын қызметтен босату – бүгiнгi күнi шешiмiн таппай отырған мәселе. Заң тұрғысынан бұл реттелмеген. Осыған байланысты оның қолданылуы да әркелкi және қоғамда әртүрлi пiкiр туғызуда.

«Қалай ойлайсыз, осы мәселенi заңдастыру қажет пе? Егер заңдастырған жағдайда, бұл жалпы бүгiнгі күнгi заңға қалай келедi», – деп сенатор Сәрсенбай Енсегенов заң жобасын қарастыру барысында өз сауалын жолдады.

Заңнамаға саяси қызметкерлер жанындағы оларға бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, отставкаға кету мәселесi бойынша тапсырма берiлген. Сол себептi мемлекеттiк қызмет жүргiзу туралы тұжырымдамаға кезiнде заң нормасы кiрдi.

Егер саяси қызметкердiң қол астындағы өзi тағайындаған немесе сол саяси қызмкеткердiң келiсiмiмен тағайындалған адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, оған қатысты сот үкiмi заң жүзiнде күшiне енсе, онда ол оставкаға беруi керек.

Отставканы қабылдау не қабылдамау Елбасының шешiмi болады. Оның қаралу мерзiмi – 1 ай.

Естерiңiзге сала кетейiк, бүгiн пленарлық отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын екi оқылымда қарады. Құжатқа түзетулер енгiзiлiп, заң жобасы Мәжiлiстiң қарауына қайтарылды.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз