Майк Тайсон Ресей жазушылар одағына мүше болды

Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон 27 қазанда Ресейдің Жазушылар одағының мүшесі болады. Бұл туралы ТАСС-қа промоутер Владимир Хрюнов хабарлады  деп жазадыҚазақпарат.

Майк Тайсон Ресей жазушылар одағына мүше болды 27 қазан күні Мәскеуде "Тайсон. Аяусыз шындық" кітабының таныстырылымы өтеді. "Майкқа сырттай Ресей Жазушылар одағына мүше деген билет тапсырылады", - деп хабарлады Хрюнов. Тайсонның өзі қарашада Мәскеуге барады, онда ол бокс кешінің қонағы болады. Оған бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Руслан Проводников қатысады. Айта кетейік, Тайсон ең жылдам нокауттардың санының көптігі мен ауыр салмақтағы әлемнің ең жас чемпионы атанғаны үшін Гиннестің рекордтар кітабының сертификатын екі рет алған. Америкалық бір емес, бірнеше рет "Жыл боксшысы" деп танылды және ол аталған спорт түріндегі салмақ дәрежесіне қарамастан, бокстың ең үздік өкілдерінің бірі болып саналады. 90 жылдардың соңында ол өзін рестлингте байқап көрді. 1992-1995 жылдары Тайсон адам зорлағаны үшін үш жыл түрмеде отырды. 1997 жылы рингтегі жұдырықтасу кезінде ол Эвандер Холифилдтің құлағын тістеп алды. 2005 жылы Майк Тайсон кәсіби спорттан кетті.
Источник: NUR.KZ