Депутаттар азаматтарды жалғыз баспанасынан шығаруға мораторий жариялауды ұсынды

Бүгiн Мәжiлiсте тұрғын үй несиесiн төлей алмай отырған азаматтардың мәселесiн шешуге арналған мемлекеттiк комиссия құру ұсынылды. Мәжiлiсмен Борис Сорокин Премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтiң атына жолдаған депутаттық сауалында аталмыш комиссияның арнайы шешiмi шыққанға дейiн қарыз алушыларды жалғыз баспанасынан шығарып, жылжымайтын мүлiктi банк балансына өткізуге мораторий жариялауды ұсынды. 

«Әлемдiк қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан үкiметi әрдайым екiншi деңгейлi банктердi қолдауға бағытталған шараларды жүргiзiп жатыр. Ұлттық қор қаржысынан Қазақстанның банк секторын сауықтыруға 1 трлн теңге бөлінуі мүмкiн. 2015 жылдың соңына дейiн жұмыс iстемейтiн несиелердi жоюды қарастыратын екiншi деңгейлi банктерге арналған салық салудың жеңiлдетiлген режимi сақталып қалмақ», - дедi Б.Сорокин. Депутат елiмiзде жүргiзiлiп жатқан аталмыш шараларға қарамастан жұмыс iстемейтiн несиелер көрсеткiшi төмендемей отырғанын тiлге тиек еттi. «Халықтық коммунистер» фракциясына азаматтарымыз бен қоғамдық ұйымдар тарапынан миллиардтаған соманың нәтижесiз несиелері жойылып жатқанына қарамастан, коммерциялық банктер жалғыз баспанасы болып табылатын кепiлзаттарды күштеп алып жатқаны туралы өтiнiштер келiп жатыр. Ұлттық қордан қаржы бөлiнiп, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетiлiп жатқан уақытта банктердiң мұндай әрекетке баруы қоғамдық наразылық туындатуда», - деп түсiндiрiп өттi ол. Сонымен қатар, халық қалаулысы несиеге кепiлзат ретiнде ұсынылған пәтерлердi банктер алып қоюына байланысты республикада өз-өзiне қол жұмсау фактiлерi кездесіп жатқанын тiлге тиек еттi. «Банк, коллекторлар, сот орындаушылары тарапынан көрсетiлген қысым салдарынан көптеген азаматтарымыздың денсаулығы да нашарлап отыр», - деп атап өттi Сорокин. «Осыған байланысты, «Халық коммунистерi» фракциясының депутаттары Қазақстанның коммерциялық банктерi өздерiнiң әлеуметтiк мiндеттерiн дұрыс түсiнбей отыр деп есептейдi. Осы орайда, бiздiң азаматтарымыз тап болған лажсыз жағдайдан шығу жолын iздестiру бойынша мемлекеттiк комиссия құру қажет деп ойлаймыз. Және де бұл комиссия шешiм қабылдағанға дейiн қарызын өтей алмай отырған азаматтарды жалғыз баспанасынан шығарып, жылжымайтын мүлiктi банк балансына өткiзуге мораторий жариялау керек деп ойлаймыз», - деп түйiндедi ол.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
bnews.kz