АҚШ Сирияда «Ислам мемлекеті» ұйымының содырларына қарсы соғысып жатқан күрттерге қару-жарақ пен дәрі-дәрмек жеткізе бастады. Бұл туралы АҚШ қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.
АҚШ қарулы күштерінің хабарлауынша, лаңкестердің Кобаньда орналасқан әскери құрылымдарына әуеден 135 шабуыл жасалған. Бұл қақтығыста жүздеген содыр мен олардың қару-жарақтары және техникасы талқандалды.
«Сонымен бірге, қазір Кобань ауданындағы ахуал өте шиеленісті. Қала халқы лаңкестерге қарсы күресте барын салып отыр. Қала күйреудің аз-ақ алдында тұр», - дейді АҚШ қарулы күштерінің өкілдері.
Бір айта кетер жағдай Түркия АҚШ-тың күрттерге қару-жарақ жеткізгеніне қарсы шығып отыр.
«Қазіргі кезде бұл күрттердің Түркиямен соғысып жатқан Күрт жұмысшылар партиясымен тығыз байланыста. Сондықтан біз бұл мәселеге бейжай қарап отыра алмаймыз. Біз АҚШ-тың күрттерді қару-жарақпен қамтамасыз етуіне қарсымыз», - деп мәлімдеді ел президенті Режеп Тайып Ердоған.
bnews.kz