"Самұрық-Қазына" құны 100 млрд долларды құрайды. Бұл туралы КТК телеарнасының "Халық қызметшісі" бағдарламасына сұхбат берген "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
"Қазіргі уақытта біз өзінің негізгі миссиясына еркін орала алатын таза индустриалды холдингке айналдық. Миссия - компанияның құнын арттыру. Компанияның құны 100 млрд долларды құрайды. Бұл 3 жылғы құнынан 26 пайызға артық", - деді қор басшысы.
Сонымен қатар, ол компания құнының не екендігін де түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, компания құны шығыстардың қысқартылуына және табыстың артуына тікелей байланысты.
"Әдетте мемлекеттік компаниялар үшін шығыстарды қысқарту - нөмірі бірінші тапсырма. Менеджерлер оған мүдделі болуы тиіс. Ал жеке компаниялар түсінікті. Меншік иесі бір тиынын да артық шығындамауға тырысады. Мемлекеттік компанияда жоғарыдан бастап, төменге дейін барлығы да ресурстарды үнемдеуге ынталы болатындай жүйе қалыптастыру қажет", - деді Шөкеев.