Автобустағы алапат апат

d0b0d0bfd0b0d182-d0b0d0bbd0bcd0b0d182d18b-d182d0b0d188d0bad0b5d0bdd182

Шілденің 31-і күні таңғы сағат бес жарымда Мерке қаласынан 10 шақырым жерде, Алматы-Ташкент тас жолының бойында Шымкенттен Алматыға келе жатқан  автобусы жүк көлігімен соқтығысқан, Соқтығысқан кезде бірден  өрт шығып, соның салдарынан екі көлік те толығымен жанып кеткен. Оқиға орнында 20 адам, оның ішінде автобустың 18 жолаушысы, автобус пен жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Автобуста 49 жолаушы болған. Алдын ала деректер бойынша жүк көлігінің жүргізушісі рульде ұйықтап кеткен көрінеді.

 ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы полиция полковнигі Николай Калашников осы өңірге аттанып кетті.Қазіргі уақытта оқиға орнында Жамбыл облысы ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған арнайы тергеу тобы жұмыс істеуде.

Қалай болғанда да өртенген автобустан сыртқа шыға алмай 19 адамның күйіп өлуі – аса қайғылы оқиға. Тиісті органдарға бұдан қажеттті қорытынды шығармаса болмайды.