Ұрылар ұсталды
2010 ж. 03 тамыз
969
0
Қарағанды облысында екі қылмыс бір күнде әшкереленді. Алдымен, Жезқазған өңірінде мұнай ұрлап бара жатқан қызылордалық 3 автокөлік 64 тонна мұнайымен ұсталды. Ұрылардың мұнайды “ҚазТрансОйл” компаниясының “Құмкөл-Қарақойын” құбырынан құйып алынғаны анықталды. Қылмыскерлер ұсталмағанда осы бір әрекетімен-ақ 5 млн теңге шығын келтіретін екен.Сондай-ақ жалған ақша жасағандар да қолға түсті. Екі қарағандылық әмбебап азамат ақшамен қатар құжаттарды да қолдан жасап отырған. Ұсталғанша рас болса бар-жоғы 200 мың теңгені айналымға шығарып үлгеріпті. Ал, қолға түскенде олардың қалтасынан бір жарым млн теңге жалған ақша табылған.