Қайрат Түнтеков - төртінші орында!
2010 ж. 03 тамыз
983
0
Латвияның Юрмала қаласында өткен жас орындаушылардың «Новая волна 2010» конкурсының қорытындысы жария етілді. Қазақстанның үкілі үміті - Қайрат Түнтеков жүлдегерлер үштігіне бір саты ғана жете алмай қалды. Қайрат 281 ұпаймен төртінші орынды қанағат тұтты, ол жеңімпаз атанған армян қызы Сона Шахгельдянға 7 ұпай ғана ұтылды. Ал оған бір ғана ұпаймен есе жіберген украиналық әнші Татьяна Ширко екінші, эстондық әнші Уку Севисте үшінші орынға көтерілді. Соңғы сынақтың алдында Қайрат 6-орында тұрған еді.
Конкурсқа биыл 12 елден 17 жас орындаушы қатысты. Танымал композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс ұйымдастырған «Новая волна» конкурсы осымен тоғызыншы рет өткізіліп отыр.