Жайық өзені тартылып барады

d0b6d0b0d0bbd0b0d2a3d0b0d188d0bad3a9d0bb2

Биыл батыс өңіріндегі аптап ыстықтан табиғатқа орасан зиян келуде. Ала жаздай бір тамшы жауын жаумаған аймақта көлдер құрғап, өзендердің арнасы тарылып жатқаны байқалады.

 Табиғат жанашырлары осындай экологиялық апаттың алдында тұрған өзен-көлдерден Батыс Қазақстан облысындағы тұрғындардың басым бөлігі «зардап шегуі мүмкін» дейді. Бұл жағдайға қазір бірнеше елдің Үкіметі алаңдап отырғанымен, әзірге оған қарсы ешқандай шара қолданылмаған.Қазір шалшыққа айналған Аниськин көлінде бұрын жұрт балық аулап, құс ататын. Бұл күндері онда тек бақа-шаян ғана қалған. Бұл жағдайға көлді жағалай қоныстанған елдімекен тұрғындары да алаңдаулы.