АҚШ-тың әскери кемелері Қара теңізге кірді

АҚШ ӘТК Алтыншы флотының «Маунт Уитни» флагман кемелері және «Коул» эскадралық зымыран тасығышы Қара теңізге кірді, деп хабарлайды «Интерфакс».

АҚШ Алтыншы флоты қолбасшысының хабарлауынша, флагман кемелерін Қара теңізге кіргізудің себебі – өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту.

«АҚШ кемелері Қара теңізде болса, АҚШ пен НАТО-ның Қара теңіз жағалауындағы елдермен серіктестік байланыстарын нығайтады әрі бұл Құрама Штаттардың осы өңірдегі мемлекеттерге адал ниетте екенін білдіреді», - дейді АҚШ ӘТК өкілдері.

«Маунт Уитни» флагман кемесінің базасы Италияның Гаэта қаласында орналасқан, ал Қара теңізге 2014 жылдың ақпан айынан бастап Сочидегі Олимпиадалық ойындар басталғанда келе бастады. «Коул» эскадралық мина тасушысы өңірге алғаш кіргізілді.

1936 жылғы Монтре конвенциясына сәйкес, Қара теңіз жағалауындағы елдерден бөтен мемлекеттердің кемелері теңізде 21 күннен артық жүруіне тыйым салынады. Демек, «Маунт Уитни» және «Коул» 30 қазаннан кешікпей Қара теңізден кетуі керек.

bnews.kz