Қазақстанның жүргізушілер үшін ең қауіпті аймақтары анықталды

РеспубликадаҚазақстанның жүргізушілер үшін ең қауіпті аймақтары анықталды 2014 жылдың 9 айында 14 367 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бұл ретте ЖКО салдарынан 1 810 қаза болғандардың ішінде 187-сі - кәмелетке толмағандар. Ал жарақат алған 18 289 адамның арасында 3 435-і - кәмелетке толмағандар", делінген комитет мәліметінде.

Ең қауіптісі Алматы қаласының жолдары болып отыр, онда 3 883 жол-көлік оқиғасы орын алды.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында - 2 450, Алматы облысында -1 258, Шығыс Қазақстан облысында - 1039 және Жамбыл облысында - 914 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан ең көп қаза тапқандар саны Алматы облысында (323), содан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында (289), Жамбыл облысында (150), Қарағанды облысында (150), Шығыс Қазақстан облысында (122) және Алматы қаласында (121) тіркелді.

Источник: ИА "Казинформ"