Cатушылар райы¬нан қайтар емес

Көкшетауда аштық жария­лаған базар сатушылары­ның саны 12 адамға жетті. Олар коммуналдық базарды жауып тастаған әкімдіктің шешіміне қарсы. Он бес жыл бойы бұл жерде көкөніс сатумен айналысып келген саудагерлер: «Ше­неуніктер талабымызды орындамайынша, наразылық шарасын тоқтатпаймыз», - дейді.

Бұл жерде екі тәуліктен бері жедел жәрдем қызметкерлері ке­зекшілік етуде. Медетцина қызметкерлері аштық жа­риялаған базардағы сату­шыларға дәрігерлік көмек көр­сетіп жатыр. Мамандардың айтуынша, 5 күннен бері аштық жариялаған 3 әйелдің денсаулығы сыр берген. Алайда, сауда орындарын қайтарып алуды талап етіп отырған сатушылар райынан қайтар емес. Ал қала әкімдігі сауда орны орналасқан көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Олар базар қызметкерлерінің бұған дейін бірнеше рет заңсыз наразылық шараларын ұйымдастырғанын ай­тады. Саудагерлермен бірне­ше мәрте келіссөз жүргізілгені­мен, еш нәтиже шықпаған.