Путин Ростов облысынан әскерді қайтаруды бұйырды

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігіне Ростов облысындағы полигондардан әскери бөлімшелерді тұрақты орналасқан жерлеріне қайтаруға бұйрық берген.

Путин Ростов облысынан әскерді қайтаруды бұйырды Ресей ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуға мұндай бұйрықты сенбі күні қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен оперативтік кеңес өткізген соң берген деп жазады Азаттық. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әңгіме "жаз мезгілінде Ростов облысындағы полигондарда жаттығудан өткен 18 мыңға жуық әскери қызметшілер" жайында болып отырғанын хабарлады. Ресейлік баспасөз бұған дейін Ростов облысында әскери бөлімшелер "жаттығулар" өткізіп жатқаны туралы бірнеше рет хабарлаған еді. Алдағы аптада Италияда басталатын Еуро-Азиаттық саммит аясында Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының қатысуымен келіссөздер өткізу жоспарланған. Миландағы саммитке Германия канцлері, Италия мен Ұлыбритания үкіметтерінің жетекшілері, Еуропа Одағының лидерлері қатыспақшы.
Источник: NUR.KZ