Отандық вагон құрастыру зауыттары ресейлік нарыққа шығады

Отандық вагон құрастыру зауыттары ресейлік нарыққа шығады. Осыған орай еліміздегі екі зауыт құрастыру көлемін 10 мыңға дейін жеткізбек. Отандық вагон құрастыру зауыттары ресейлік нарыққа шығады

Бұл туралы "Алматы" арнасы хабарлайды.

Машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пшембаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін Ресей Украинадан жыл сайын 20 мың жүк тасымалдайтын вагон сатып алып отырған. Оның құны шамамен 2 млрд долларды құрайды.

Қазіргі екі ел арасындағы жағдайды ескерсек, алдағы уақытта Ресей тарапынан жүк вагонына деген сұраныс артпақ. Сондай-ақ, орыс елінде техникалық регламент өзгерді. Осыған сәйкес 20 жылдан астам қызмет еткен вагондар жарамсыз. Сондықтан, Екібастұз бен Аралдағы құрамдар санын 10 мыңға дейін арттыру негізгі мақсатқа айналды.

Биыл теміржолды дамытуға жекешеліндіру шарасы да септігн тигізбек.

"Ресейде машина жасау өндіріс қарқынды түрде дамыған. Олар көптеген мәселерді өздері шеше алады. Дегенмен, қазіргі жағдай Ресей Федерациясына экспортқа шығаруға мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деді “Белкамит” АҚ бас директоры Павел Беклемишев.

Еске сала кетейік, биыл жекешелендіру шарасы теміржол тасымалдау саласында да басталды. Ол 2016 жылға дейін жалғасады. "Қазақстан темір жолы" құрамындағы 28 компания жеке қолға өтеді.

Источник: NUR.KZ