Кәсіпкер депутатты сотқа берді

0
652

Ақмола облысының Степногор қаласында жергілікті кәсіпкер облыстық мәслихат депутатын сотқа берді. Мемлекет мүлкі арқылы пайда таппақ болған бас дәрігер мен шығынын өндіру үшін оны сотқа берген кәсіпкердің ісімен құзырлы органдар айналысуда.

Кәсіпкердің айтуынша, қалалық аурухананың бас дәрігері, әрі облыстық мәслихат депутаты Жанат Мусин осыдан екі жыл бұрын асхананың тең жартысын оған жалға берген. Бірақ құзырлы органдардың тексеруінен кейін Мусин уәдесінен бас тартып, мейрамхана сол күйі ашылмай қалған. Кәсіпкер: «Бұл келісім-шарттың заңсыз екенін кейін түсіндім» – дейді. Ол депутаттың сөзіне сеніп, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 11 миллион теңге жұмсаған. Енді Игорь Житков бұл шығынды қайтаруды талап етіп отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз