Әкім Тараздың кіре берісіндегі дау туғызған жазуға қатысты түсініктеме берді

Астанаға келген Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласының кіре берісінде тұрған шығыс шайырының "Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың" деген сөзіне қатысты түсінік берді.Әкім Тараздың кіре берісіндегі дау туғызған жазуға қатысты түсініктеме берді

Киелі қаланың қақпасына жазылған сөздерді облыс басшысы айтыскер ақынның сынынан кейін емес, одан бұрын алып тастауға тапсырма бергенмін деп ақталды.

Қоғамда үлкен дау туғызған мәселеге Кәрім Көкірекбаев байыппен жауап берді.

Айтуынша, Таразға кіре берістегі Фирдоусидің сөздерін ауыстыруға қатысты тапсырмасы республикалық айтыспен тұспа тұс келіпті.

Сондай-ақ Жамбыл облысының басшысы үдемелі инновациялық бағдарлама бойынша ашылып, екі жылдан бері тоқтап тұрған металлургия зауытына қатысты да түсінік берді.

Айтуынша, өндіріс орнының банкротқа ұшырауына Ресейдегі зауыттың арзан өнім ұсынуы екен. Қазір Тараздағы зауыттың тек жарық беретін компаниялар алдындағы қарызы 240 миллион теңгеден асыпты.

Алайда, жұмысшылардың жалақысын төлеп отырмыз деп ақталған әкім, жақын күндері зауыттағы жұмыс қайта жанданады деген уәде берді.
Источник: 31 канал