Сатушылар Алматы-Өскемен тасжолын бөгеп тастады!

autohum-super-probka13

Алматы-Өскемен тасжолының бойында қауын-қарбыз сатушылар көлік жүргізушілерге бөгет болуда. 

Саудагерлер өздерін үйреншікті орындарынан қуып жатқан жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. «Олардың жол бойында көкөніс пен жеміс-жидек сатуы заңсыз әрі жол қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр»,- дейді шенеуніктер.

Қарбыз сатушылар Алматы-Өскемен тасжолының бойынан оларды қумақ болған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне осылайша наразылық танытуда. Өйткені жергілікті билік өкілдері республикалық маңызы бар жолдың бойында «ешкім сауда жасамасын» деген талап қойған көрінеді. Ал, сатушылар үшін базарлардан арнайы орын алу оңайға түспейтіні анық. Олар жол жағасындағы саудадан анғұрлым табыс тауып отырғанын айтып шағымданып отыр.