Бүгін "Самұрық-Қазына" Трансформация форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Шөкеевке қорға жұмыс істегісі келетін жастарды тарта алмаса қызметінен кететінін қатаң ескертті.
"Маған жоғарыда ел үшін, өзі үшін жұмыс жасағысы келетін жас адамдардың тізімі мен суреттерін көрсетті. Оларды компанияға қалай тарту қажеттігі - бұл маңызды мәселе болмақ. Бұл адамдарды білігі, тәжірибесі, білімі бойынша қалай жоғарлатуға болады? Яғни, бізде жеткілікті басқа да ұстанымдармен емес істеген ісіне байланысты. Қоңырау шалса, танысы болса жеткілікті және ондай адам жұмысқа орналасып жатады. Олар ол жақта бос отыр. Міне, бұл басты міндет және Шөкеев мырза осы міндеттерді атқара алсаң, ары қарай жұмыс істейсің. Атқара алмасаң, жұмыс істемейтін боласың", - деді Елбасы қордың басқарма төрағасы Шөкеевке қарата.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінгі жиында компанияны дайындығы жоқ адам басқарса табысқа жету мүмкін еместігі әділ айтылғандығын баса айтты.
"Қажеттінің барлығын біз саған береміз. Жаса. Жасай алмасаң жұмыс істемейсің. Бізде нақты жұмыс жоспары болуы тиіс", - деді президент.