"Иегова куәгерлері" Ашық есік күнін өткізді

Алматыдағы "Иегова куәгерлері" орталығы ашық есік күнін өткізді. Орталық жетекшісі Полат Бекжан қонақтарға экскурсия ұйымдастырды.

Алматыда

Ол орталықтың басты жетістіктерінің бірі - Інжілді қазақшаға аударып, осы күзде басып шығарғалы жатқаны деді. Орталыққа Алматы әкімдігі дін істері басқармасының бастығы Нұржан Жаппарқұлов бастаған өкілдер, шетелдік елшілік қызметкерлері, дінтанушылар мен басқалар келді. Танысу шарасы фуршетпен аяқталды деп хабарлайды Азаттық. Айта кетсек, елімізде әрбір азаматтың діни сеніміне бостандық және әрбір діни бірлестікке заң алдында тең құқығы берілген. Осы еркіндікті ұтымды пайдаланған шетелдік миссия өкілдері өз миссиясын атқарып келеді. Олар басқосуларын ҚР-дың қолданыстағы заңдылықтарына қайшы жағдайда, әрі жергілікті билік және басқару органдарының тыйым салғанына қарамастан өткізеді.
Источник: NUR.KZ