Порталдағы барлық қызметтерді қолдану үшін азаматтарда алдымен электрондық-сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы қажет. Картридер құрылғысы көмегімен анықтамаларды жеке куәлік арқылы алуға болады. Күн сайын ЭСҚ-сы бар азаматтар саны көбейіп келеді. I жарты жылдықтың қортындысы бойынша ЭСҚ алуға 1-тоқсанда 610 адам, 2-ші тоқсанда 1271 адам ниет білдірді. Жеке куәлікке 1-тоқсанда 95 ЭСҚ болса, 2 тоқсанда 895-ке жетіп отыр.
Электрондық сандық қолтаңба портал арқылы, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін өте қажет. Бұл ыңғайлы, әрі қолжетімді. Электронды Үкіметтің қарапайым халық үшін тиімді, әрі қолжетімді екенін бөлім қызметкерлері еgov.kz порталының барлық мүмкіндіктері арқылы көрсетіп бере алады. Электрондық-сандық кілтке тапсырыс беру жолдары туралы кеңес беруге қызметкерлер әрқашан дайын. ХҚКО клиенттерін оқыту «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы жүзеге асырылады. Сектор кеңесшілері клиенттерді электрондық қызметті өздігінен алуға үйретіп, порталда жұмыс жасауға кеңес береді. Электронды қызметті алушылардың қатары 1-ші тоқсанға қарағанда 2-ші тоқсанда артты, 1150 адам бірнеше қызмет түріне қол жеткізді. Сонымен қатар, түрлі төлемдер, мемлекеттік баж салығын, алымдар мен салық төлемдерін (жер, мүлік, көлік), айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Егер де осыған дейін банкке барып, уақыт кетіріп жүрсеңіз енді онлайн жүйесін пайдалана отырып, қызмет ақысын төлеуге болады. Бұл төлемдер картридер мен клиенттің төлем карталары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, ХҚКО-ның жаңа қосылған қызметтері арқылы, мемлекеттік қызметке тестілеуге жазылу, автокөлік жүргізуге берілетін сенімхаттарды электронды түрде алуға мүмкіндік туып отыр.
Аудан тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алуы – жаңа заман технологиясының тәжірибеге байланысты өмірге келген жағымды жаңалықтардың бірі.
Құрманғазы аудандық ХҚКО бөлімінің инспекторы С.Жалғасов
BNews.kz